• 2277
  • +7(727)2965070
  • bakad@barr.kz
Kazakh Russian English

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Жол ақысын төлем тәсілі?

Жол ақысын төлеу келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:
1. Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы: Каспи Банк, Халык Банк, Банк ЦентрКредит.
2. Wooppay электронды төлем жүйелері арқылы.
3. QIWI төлем терминалдары арқылы.

Жол жүру ақысы неге байланысты?

Жол жүру ақысы келесімен анықталады:
Ақылы жолда болу уақыты (бір сағат ішінде) – бұл ретте құны көлік құралының жүріп өткен маршрутына немесе қашықтығына байланысты емес. Көлік класы – көлік құралдарының әртүрлі санаттары үшін әртүрлі шығындар.Көлік класын таблода және сайттың "атауы" бөлімінде тексеруге болады. Жол ақысы айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты және оның көлеміне сәйкес өзгеруі мүмкін.

Қалада тұратын жеке тұлғаларға жеңілдікті абонемент сатып алу мүмкіндігі бар ма?

Жеңілдетілген жол жүру ақысы тек Қарасай, Іле, Талғар аудандарына тіркелген автокөліктерге ғана қарастырылған. Абонементті рәсімдеу үшін келесі мекенжайларға бару қажет: Жеке тұлғалар үшін: Іле ауданы әкімдігінің ғимараты: Алматы облысы, Өтеген батыр ауылы, Заманбек Батталханов көшесі, 8. Заңды тұлғалар үшін: Іле ауданы, БАКАД жол-пайдалану басқармасыhttps://go.2gis.com/raoxm

Артық төлемді қалай қайтаруға болады?

Артық төлемді қайтару жазбаша өтініш негізінде ғана мүмкін болады.
Өтінішпен бірге төлем төленген түбіртекті, жеке куәлікті, көлік құралынын тіркеу құжатын сканерленген нұсқада тіркеп, bakad@barr.kz электрондық почтамызға жіберуіңізді сұраймыз.

Үлкен Алматы айналма жолында кімге жеңілдік бар?

Автомобиль жолдары туралы заңға сәйкес 5-2-бап «Ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланғаны үшін төлемақылар» бойынша Ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланғаны үшін төлемнен босатылады:
1. жедел медициналық көмек көрсету ұйымдары;
2. шұғыл қызметтер;
3. құқық қорғау;
4. көлікті бақылау органдары;
5. арнаулы мемлекеттік органдар;
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары;
7. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңіл автокөліктері.

Заңды Тұлғалар - бухгалтерияны жабу үшін құжаттар керек.

Пайдаланушылардан ҮАААЖ бойымен жүріп өту үшін алынған барлық төлемдерді Концессионер Республикалық бюджетке аударады. Концессионер табыс алушы болып табылмайды және пайдаланушыларға Орындалған жұмысы немесе көрсетілген қызметтер туралы электрондық шот -фактураларды беруге құқығы жоқ.

Жазбаша немесе ауызша қабылданған өтініш қанша уақытта қарастырылады?

Жазбаша және ауызша өтініш қабылданған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Көлік құралы заңды тұлғаға тіркелмеген жағдайда не істеу керек?

Егер көлік құралдары банкте тіркелген болса, ынтымақтастық үшін лизинг рәсімдеу қажет болады.
Егер көлік құралдары ЖК - де тіркелген болса, растау талонын ұсыну қажет.
Егер көлік құралдары Басқа ЖШС-ге тіркелген болса, жалдау шарты қажет болады.

Төленбеген жол ақысын қалай төлеу керек?

Қарыздарды төлеу кезінде келесі нұсқауларды ескеруді сұраймыз:
1. Егер берешек күнтізбелік 7 күннен кем болса, Каспий банкі, Халық банкі, Банк Центр Кредит, Qiwi және Wooppay қосымшаларында «Ақылы жолды төлеу» бөлімінде төлемді жүзеге асырыңыз.
2. 7 күнтізбелік күннен артық туындаған берешектерді Каспи қосымшасына және Qiwi қосымшасына "Берешекті төлеу" бөлімінде төлеу қажет.
Бұл тәртіпті сақтауға және қарызды уақтылы өтеуге көмектеседі.