• 2277
  • +7(727)2965070
  • bakad@barr.kz
Kazakh Russian English

Жобаны ұйымдастыру схемасы

Жобаны ұйымдастыру схемасы

«ҮАААЖ Инвестициялар және Операциялар» ЖШС

«Алсим Аларко Санайи Тесислери ве Тиджарет» АҚ, «Макйол Иншаат Туризм ве Тиджарет» АҚ, «ЭсКей Инжиниринг Констракшн» АҚ және «Кореа Экспрессвэй Корпорэйшн» (i) «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ)» жобасын («Жоба») әзірлеуге, қаржыландыруға, жобалауға, құрылысын салуға, іске қосу-баптауға, іске пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуге және (ii)Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен жасалан Концессия шартына («Концессия шарты») байланысты пайда болған құқықтарды қолдануға және міндеттемелерді орындауға байланысты барлық қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында «ҮАААЖ Инвестициялар және Операциялар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрды.

Жобаны ұйымдастыру схемасы

Корея Экспрессвэй Корпорэйшн (Korea Expressway Corporation)

1969 жылы негізі қаланған «Корея Экспрессвэй Корпорэйшн» («КЭК») АҚ құрылыс және техникалық қызмет көрсету саласындағы айтулы компания болып табылады. Корпорация жылдамдықты жолдардың құрылысында жалпы ұзындығы 3500 шақырымнан асатын құрылысты жүзеге асырған ең тәжірибелі ойыншылардың бірі болып табылады. Жылдамдықты жолдардың құрылысындағы тәжірибе қосымша, КЭК сондай-ақ негізінен Оңтүстік Кореяда көпірлер мен туннельдердің әр түрлі Басты парақмереттерінің құрылысын іске асырды. Компанияның жылдамдықты жолдардың құрылысындағы тәжірибесіне сәйкес, КЭК сондай-ақ жолдарға, объектілер мен Басты парақмереттерге ағымдағы және мерзімдік техникалық қызмет көрсетуді, төтенше жағдайларға жауап қимылдауды және қалпына келтіруді ұсынады. Өзінің жергілікті табыстылығынан кейін, КЭК Азия, Латын Америкасы мен АҚШ-та қазіргі уақытта іске пайдалануғы жылдамдықты жолдардың ғаламдық жобаларына қатысуға бастама жасады.

Жобаны ұйымдастыру схемасы

Аларко

1954 жылы негізі қаланған Аларко құрылыс және инфрақұрылымға көп көңіл бөлемін Түркиядағы жетекші конгломерат болып табылады. Компания Түркияда және көршілес аймақтарда метроны, энергетикалық станциялардың құрылысын, автомобиль жолдарын, аэропорттарды, темір жолдар мен жылжымайтын мүлік саласын қоса, көптеген инфрақұрылымдық жобалар бойынша қызу қызмет жүргізеді. Компанияның инфрақұрылым саласындағы тәжірибесімен қатар, Аларко сондай-ақ Ақтау-Манаша жолының реконструкциясын жүргізу тәжірибесіне ие бола отырып, қазақстандық инфрақұрылым нарығымен таныс. Аларконың басқа маңызды жобаларының қатарына Анкара-Стамбул жоғары жылдамдықты темір жолы, Астанадағы сумен жабдықтау және су бұру Басты парақмереттері, Киевтегі «Борисполь» халықаралық аэропорты және Стамбулдағы түрлі метро желілері жатады.

Жобаны ұйымдастыру схемасы

Макйол

Түркияның жетекші фирмаларының қатарына кіретін Макйол құрылыспен, инфрақұрылыммен, коммерциялық жылжымайтын мүлікпен, тұрғын Басты парақ құрылысымен және туристік инвестициялармен айналысады, сондай-ақ 50 жылдан астам тәжірибеге ие. Макйол жобаларының тізбесі оған жергілікті, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі автомагистральдердің, жолдардың, метро, туннельдердің, аэропорттардың, айлақтар мен туристік объектілердің құрылысында жақсы атақ әкелді. Компанияның айтулы жобаларына инвестициялар, Гебзе-Орхангази-Измир 433 шақырымдық автомагистралінің құрылысы мен іске пайдалану, Түркияда Қара теңіздегі Измит шығанағы арқылы өтпеліктің (ұзындығы бойынша әлемдегі 4-ші аспалы көпір) құрылысы, Ирак, Эрбильдегі халықаралық аэропорт, Әзірбайжан, Бакудегі айналма жол, Алжир, Оран айлағындағы жағалау автожолы, Оман, Батинахтағы жағалау автожолы, Түркиядағы Овит туннелі (Еуропадағы үшінші ең ұзын туннель), сондай-ақ Түркия, Антальядағы жеңіл рельсті темір жолдың 2-ші және 3-ші кезектері, Стамбулдағы ұзындығы үлкен метро кіреді. Ірі Басты парақмереттердің құрылысы мен инфрақұрылымдағы мол тәжірибесіне қосымша, Макйол сондай-ақ концессиялық жобаларда мол тәжірибеге ие. Бүгінгі таңда Макйол Түркия, Марокко, Алжир, Иракта жұмыс істеуде және Кувейттегі мобилизациялау жұмыстарының басталуын күтуде.

Жобаны ұйымдастыру схемасы

ЭсКей

1977 жылы негізі қаланған сәтінен бастап, «ЭсКей Инжиниринг Констракшн» («ЭсКей») АҚ орнықты өсуге және тұрақтылыққа ұмтылады. Компания электростанциялар, азаматтық инфрақұрылым, сәулет және тұрғын Басты парақ құрылысы секілді өнеркәсіптің түрлі салаларында құрылыстағы өзінің тамаша технологиялары мен қабілеттері үшін жақсы атаққа ие болды. Атап айтқанда, ЭсКей темір жолдар мен автомобиль жолдары, айлақтар, жер асты кеңістіктері, тұрғын-өнеркәсіптік кешендер, сумен жабдықтау және қоршаған ортаны қорғау секілді әр түрлі секторларда бүкіл дүние жүзі бойынша азаматтық инфрақұрылым саласындағы өзінің қызметімен атағын шығарды. ЭсКей тек Кореяда ғана емес, сонымен қатар басқа елдерде де үкімет іске асыратын жобалардағы, мысалы, Дамиангтегі автомагистральді кеңейтудегі, Кореядағы Донгэ айлағы мен Катардағы Дохин метро желісінің құрылысындағы мол білімдерге және тәжірибеге ие. Корея мен басқа елдердегі жобаларды іске асырудың барысында жинақталған өзінің тәжірибесін негізге ала отырып, компания EPC келісімшарттары арқылы, сондай-ақ кешенді шешімдер провайдері ретінде ғаламдық нарықта үнемі кеңейеді. ЭсКей Түркиядағы «Еуразия» туннелі, Лаостағы гидроэлектржабдықтау жобасы және Түркиядағы Канаккале көпірі секілді, табысты қаржылық жабудан кейін іске асырылу сатысында тұрған «құрылыс-іске пайдалану-табыстау» үлгісі бойынша МЖС жобаларын мега-әзірлеуді қамтамасыз етті. Түркиядағы «Еуразия» туннелінің құрылысы енді аяқталған және объект іске пайдалану сатысына аяқ басты, бұл компанияға азаматтық инфрақұрылымның әлемдік жеткізушісінің атағын әкеледі. ЭсКей орнықты негізде сандық және сапалық өсуге ұмтылады және «Global Top Tier City Developer & Infrastructure Builder» көрінісін іске асыру үшін қарыш қадам жасайды.