Концессия шартына 2018 жылғы 7 ақпанда қол қойылды:
• Консорциум Alsima Alarko Sanayi Tesisleri ve Ticaret A.Ş. (Alsim Alarko), SK ecoplant Co., Ltd. (SK), Makyol İnşaat Sanayi Turizm ve Ticaret A.Ş. (Makyol) және Korea Expressway Corporation (KEC) концессионер ретінде
Компания 2018 жылдың маусым айында Alsim Alarko, SK ecoplant, Makyol және KEC консорциумымен Қазақстан Республикасының Алматы облысында Арнайы мақсаттағы компания (SPV) ретінде құрылды:
- Концессионер ретінде Концессия шарты бойынша «Үлкен Алматы айналмалы автомобиль жолы (ҮАААЖ)» жобасын әзірлеу, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалануға беру, пайдалану және күтіп ұстау;
- Қарыз алушы ретінде қарыздық қаржыландыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;
- Тапсырыс беруші ретінде EPC және O&M келісімдері бойынша жобаны жобалау, сатып алу, салу (EPC) және пайдалану және техникалық қызмет көрсету (O&M)
Құрылыс кезеңі 2020 жылдың тамызында басталып, 2023 жылдың сәуір айында аяқталды. Құрылыс 50 айға жоспарланған болатын, бірақ рекордтық 32 ай ішінде аяқталды. Құрылысқа небәрі 203 ауыр құрылыс техникасы және 1600-тан 2300-ге жуық жұмысшы тартылған болатын.
ҮАААЖ бойынша жобалаy, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және құрылыс жұмыстарын «Alarko – Makyol – SK ecoplant» мердігерлік консорциум атқарды.
ҮАААЖ жолын пайдалану және жөндеу қызметтерін көрсету туралы келісім-шарт 2020 жылдың мамыр айында жасалған. Пайдалану және техникалық қызмет көрсету кезеңі 2023 жылдың маусымында басталды, ақы алу 2023 жылдың шілдесінде іске қосылды және сәтті жалғасуда.
«ҮАААЖ Инвестициялар и Операциялар» ЖШС-сы тапсырыс беруші болып , «BARR Operation and Maintenance» ЖШС-сы пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша мердігер болып табылады . Қосымша мердігерлік қызметтерді «EGIS Infrastructure Management Kazakhstan» ЖШС-сы атқарады.
Пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша мердігер 32 мамандандырылған техникалар мен жабдықтар паркімен жолдың үздіксіз жұмысын, техникалық қызмет көрсетуін және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ҮАААЖ жолының операторы ретінде әрекет етеді. 200-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылды.