Жол ақысын қалай төлеуге болады?
Төлемді Kaspi Bank, Halyk Bank және Bank Center Credit онлайн-банкинг жүйелері арқылы жасауға болады. Егер бұл банктердің жүйелері қол жетімсіз болса, Visa және Mastercard карталары, сондай-ақ Qiwi әмияны арқылы https://webportal.barr.kz/login/ сайтында төлеу мүмкіндігі бар.
Жол ақысын келесі тәсілдермен төлеуге болады:
- Алдын ала төлем : ҮАААЖ жолына кірер алдында көлік нөміріне қаражатты толтыру.
- Кейінгі төлем : ҮАААЖ жолын пайдаланғаннан кейін және бақылау қақпалары арқылы көлік тіркелген сәттен бастап жеті (7) күнтізбелік күн ішінде төлем жасау.
- Қарызды төлеу : ҮАААЖ жолын пайдаланғаннан кейінгі қарызды Kaspi, Halyk және Qiwi қосымшаларындағы "Берешекті төлеу" бөлімінде төлеу қажет.
Абоненттік төлем — ҮАААЖ жолының орналасу аймағындағы Қарасай, Іле және Талғар аудандарында тіркелген көлік құралдары үшін қарастырылған.
Төлем функциясы төмендегілер арқылы қол жетімді :
Берешекті төлеу; 7 (жеті) күннен асқан:
Егер берешек 7 (жеті) күнтізбелік күннен асса, төлемді Kaspi және Halyk қосымшаларындағы "Берешекті төлеу" бөлімінде немесе Qiwi қосымшасында төлеуіңізді сұраймыз.
KASPI Bank
QIWI
Халық Банк
Wooppay
Банк ЦентрКредит